Футбол
12 қазан 2022 03:41

"Реал" соңғы минутта есепті теңестірді

©Шахтер ФК

Чемпиондар лигасының 4-турында ең тартысты матчтардың бірі "Шахтер" мен "Реал" арасында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Польша астанасы Варшавада өткен кездесуде украиналық клуб ойын соңына дейін есепте алда тұрған. Алайда соңғы секундтарда Антонио Рюдигер "бланкос" сапынан көзге түсті. Қорытынды есеп 1:1.

F тобында 10 ұпай еншілеген Карло Анчелотти шәкірттері бірінші орында тұр. 8 ұпайы бар "Лейпциг" екінші және 5 балл жинаған "Шахтер" әзірге үшінші орында. Ал Шотландияның 46 дүркін чемпионы 1 ұпаймен ең соңғы орынға орналасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport