Футбол
12 мамыр 2020 12:20

"Реал" шабуылшысы аяғын қабырғадан құлап сындырған

Сурет: football24.ua
Табан сүйектерін сындырып үш айға футбол ойнаудан қалған мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Лука Йовичтің бұл жарақаты Белградтағы үйдің дуалынан құлағандықтан болған екен, - деп хабарлайды kurir.rs.

Йовичтің жарақаты туралы 1 мамырда белгілі болған. Ресми түсініктеме бойынша, 22 жастағы футболшы карантин кезінде өз үйінде жаттығамын деп жарақаттанған. 

"Әзер дегенде аман қалыпты, қабырғадан құлады, қалай түсіндірерімді білмеймін, Мұны қалай істегенін де түсіне алмадым. Жалпылай айтқанда кездейсоқ болып тұр", - дейді сербиялық футболшының отбасына жақын мәліметші. 

"Реалдағы" дәрігерлер Йович клубты алдауға тырысқанын бірден түсінген. Мадридтік команданың медициналық қызметі футболшы табан сүйегін бірінші жаттығуда емес, Белградта жүргенде сындырғанын анықтауға ұзақ уақыт қажет етпеді.