"Реал" ойыншысы Винисиус Жуниор Испания азаматтығын алды. Бұл туралы белгілі журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Инсайдердің айтуынша "Реал" клубтағы лимитке байланысты ЕО мүше емес елдердің футболшыларын сатып алуда қиындықтар туған.
"Ресми. Винисиус Жуниор Испания азаматтығын алды. "Реал" жанкүйерлері үшін маңызды жаңалық. Себебі "корольдік" команда төлқұжаты еуропалық емес ойыншыны сатып ала алады. Осыған дейін маусым айында Габриэль Жезус "бланкос" сапына қосыла алмаған еді", - деп жазады Романо.
Еске салайық, Жуниор Испания астанасына 2018 жылы келді. Өткен жылы 21 жастағы ойыншы Ла Лиганың 15 матчында 17 гол салып, 10 мәрте нәтижелі пас шығарды. 2019 жылдан бастап Бразилия құрамасына шақырту алып келеді.