Мадридтік "Реалдың" қақпашысы Андрей Лунин маусым соңында басқа клубқа ауысады. Бұл туралы Fichajes басылымы жазады.
Корольдік ұжымнан кетудегі басты мақсаты – алаңға мүлдем шықпауы болып отыр.
Осыған дейін бас бапкер Карло Анчелотти украиналық қақпашының мықты екендігін және алдағы уақытта оған мүмкіндік берілетіні жайлы айтқан. Алайда биылғы біріншілік басталғалы Лунин "бланкос" сапындағы ресми матчтарда алаңға шықпады.
Еске салайық, 2018 жылы Лунин "Заря" клубынан "Реалға" 8,5 млн еуроға ауысқан еді. Осы уақыт аралығында ол "Овьедо", "Вальядолид", және "Леганес" клубтарына жалға берілген.