"Реал" жалғыз гол салдарынан Испания кубогынан шығып қалды
!["Реал" жалғыз гол салдарынан Испания кубогынан шығып қалды](/userdata_kaz/news/2022/news_19410/crop_amp/photo_20864.jpg)
Бильбаолық "Атлетик" Испания кубогының ширек финалында мадридтік "Реалды" өз алаңында ұтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Бильбаолық "Атлетик" Испания кубогының ширек финалында мадридтік "Реалды" өз алаңында ұтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, салдарынан мадридтіктер турнирден шығып қалды, ал бильбаолықтар жартылай финалға шықты.
89-минутта жалғыз голды 26 жастағы вингер Алехандро Беренгер салды.
Жартылай финал жұптары кейінірек жеребе нәтижесі бойынша анықталады.
Испания кубогының өткен ойнатылымында "Атлетик" финалға дейін жетіп, "Барселонадан" 0:4 есебімен ұтылған еді.
Жарнама