Жартылай қорғаушыға испаниялық тағы екі команда көз тігіп отыр - "Барселона" мен "Севилья", сонымен қоса голландиялық "Аякс" та футболшыны өз сапына қосқысы келеді. Дегенмен бұл жағдайда "Реалда" басымдық бар деп есептеледі.
"Сан-Паулу" сапында Гомес 55 матч өткізіп, бес гол салған. Келісімшартты бұзған жағдайда футболшы трансфері 50 миллион еуро болмақ. Ал отанында 21 жастағы футболшыны "жаңа Кака" деп атайды екен - 2002 жылғы әлем чемпионы карьерасын "Сан-Паулуда" бастаған, ал Еуропада италиялық "Милан" мен "Реал" сапында өнер көрсеткен.
"Салыстыру - әрдайым жақсы бола бермейді. Бұл оған батып тұрады. Алайда оның ойыны менің стиліме ұқсайтыны рас", - дейді Каканың өзі Гомес туралы.