"Рақмет, Рома!" «Қызыл-Жар» клубы грузиялық шабуылшымен қоштасты
Петропавлдық "Қызыл-Жар" клубы грузиялық футболшы Романи Чантуриямен жасалған келісімшартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Петропавлдық "Қызыл-Жар" клубы грузиялық футболшы Романи Чантуриямен жасалған келісімшартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Мәлімдемеде клуб: "Жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты Романи Чантурия, белгісіз мерзімге қатардан шығып қалды. Сонымен қатар легионерлерге берілетін квоталардың саны шектеулі болуына байланысты футболшы мен клуб басшылығы тараптардың келісімі бойынша келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады" - деп пікір білдірген.
Сонымен қатар, "Қызыл-Жар" клубы өз сапында бес ойын өткізген 25 жастағы шабуылшыға алғыс білдіріп, алдағы мансап жолына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірген.
Жарнама