Футбол
10 наурыз 2020 14:17

ПСЖ сербиялық ойыншыны 100 миллионға алмақ

© ftbl.info
Римдік "Лацио" жартылай қорғаушысы Сергей Милинкович-Савич жаздық маусым аралығында командадан кетіп, карьерасын Францияда жалғастыруы мүмкін. 

La Gazzetta dello Sport газетінің мәліметінше, 25 жастағы футболшыға "Пари Сен-Жермен" қызығып отыр. ПСербиялық футболшы үшін "Лацио" 100 миллионо еуро сұрап отыр.

Милинкович-Савич "Лациода" 2015 жылдан ойнап келеді. Сонымен қатар, ол "Генк" пен "Войводину" сапында өнер көрсеткен. Ал Сербия құрамасында 2017 жылдан ойнайды.

Осы маусымда жартылай қорғаушы Италияның А сериясында 25 матчке қатысып, төрт гол салды және төрт ассист жасады. 26 тур қорытындысы бойынша "Лацио" турнир кестесінде екінші келеді.