"Пари Сен-Жермен" клубы "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиге тағы бір маусым создыруға болатын екі жылдық келісімшарт ұсынды. Бұл туралы "Матч ТВ" арнасы TNT Sports Brasil журналисті Марсело Бехлерге сілтеме жасап хабарлап отыр.
Франциялықтар қаржылық тұрғыда бұл ұсыныс 33 жастағы аргентиналыққа ең ұтымды екеніне сенімді.
Ал "Барселона" Мессимен келіссөзде бір шешімге келе алмай отыр. Коронавирусқа байланысты каталондықтар алты рет "Алтын допты" иеленген футболшыға қандай жоба мен шарттар ұсынатынын білмейді.
Ал Мессидің өзі болашағын ешкіммен талқылағысы келмейді. Қазір оның бар назары Испания чемпионатындағы қалған алты матчте. Каталондық клуб Примерада жеңіске жетуді көздеп отыр.
Биылғы маусымда Месси 42 матчте 33 гол салып, 14 нәтижелі пас берді.
Ойыншының "Барсамен" келісімшарты 2021 жылдың маусым айында аяқталады.