"Барселона" мен ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Испанияда өткен кездесу 4:1 есебімен франциялық команданың пайдасына аяқталып, ПСЖ турнирдің жартылай финалына өтті.
Алаң қожайындарының бразилиялық шабуылшысы Рафинья 12-минутта есеп ашты. Ал 29-минуттан бастап Хави шәкірттері азшылықта қалды, Рональд Араухо қарсыласын аяқтан шалғаны үшін алаңнан қуылды
Осыдан кейін париждіктер көптігін ұтымды пайдалана білді. 40-минутта Усман Дембеле есепті теңестірді - 1:1.
14 минуттан кейін Витинья ПСЖ-ны есепте алға шығарды.
61-минутта "Барса" қақпасына айып добы белгіленді, Килиан Мабппе 11 метрден дәл соққы жасады. Ал 89-минутта шабуылшы дубль авторы атанды.