ПСЖ маусымдағы бірінші трофейін ұтып алды

"Пари Сен-Жермен" Франция суперкубогі үшін матчте "Нант" командасын ұтты.
"Пари Сен-Жермен" Франция суперкубогі үшін матчте "Нант" командасын ұтты.
Тель-Авивтегі "Блумфилд" стадионында өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Бұл матчте Лионель Месси (22-минут), Неймар (45+5, 82 - пенальти) және Серхио Рамос (57) гол салды.
Айта кетейік, Жан-Шарль Кастеллетто алаңнан қуылып, 81-минуттан бастап "Нант" азшылықта ойнады.
Осылайша, ПСЖ жаңа бапкер Кристоф Гальтьенің жетекшілігімен осы маусымдағы бірінші трофейін ұтып алды. Париждіктер үшін бұл 11-ші Франция суперкубогі.
Жарнама