ПСЖ капитаны Маркиньос шабуылшы Килиан Мбаппемен жағдай тез арада шешімін табады деген үмітте, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПСЖ Мбаппені келісімшартты ұзарудан бас тартқаны үшін жаңа маусым алдындағы Жапония мен Оңтүстік Кореяға турға алмай кетті.
"Ол ғаламат ойыншы, ал бұл шешімді басшылық өздері қабылдаған, бізді қатыстырмады. Осында, Жапонияда жүрсек те осы сұрақ қойылып жатыр.
Біз әрдайым қасымызда мықты ойыншылар болғанын қалаймыз. Сондықтан келесі маусымда оның біздің қасымызда болып, бізге көмектесуге мүмкіндік беретін шешім қабылданады деген үміттемін", - деп береді Маркиньостің сөзін France 24.