Париждік клуб Лионель Месси мен Неймарды жазғы трансферлік маусым бастала салысымен басқа командаға сатуы мүмкін. Бұл туралы L'Equipе жазды.
Басылымның мәліметінше, егер басшылық команданың саясатын басқаша (жастарға сенім арту) жүргізетін болса, бағалы футболшылар басқа ұжымға ауысуы ықтимал. Осыған дейін АҚШ жеріндегі (МЛС) футбол лигасының өкілдері екі ойыншыға қызығушылық танытқан еді.
Еске салайық, өткен жылдың жазында "ПСЖ" сапына ауысқан Месси биыл 26 кездесуде 7 гол соқты. Сонымен қатар, 11 рет нәтижелі пас берді. Ал 30 жастағы Неймар болса "Барселонада" биыл 21 матчта 5 гол салып, 5 рет нәтижелі пас берді.