Футбол
20 қаңтар 2020 14:22

ПСЖ Гвардиолаға ұтымды ұсыныс дайындап отыр

© FootBoom
Франциялық "Пари Сен-Жермен" англиялық "Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиоланы өз клубына алғысы келеді, - деп хабарлайды Daily Express.

Париждік клуб басшылығы қазіргі бапкер Томас Тухель жұмысын тоқтатқан жағдайда испаниялық маманға ұтымды ұсыныс жасамақ. 

Клуб басшылығы ПСЖ-ны жаңа деңгейге көтергісі келеді, ал Гвардиола мұны істей алады деген ойда.

Гвардиола мен "МанСити" келісімшарты 2021 жылға дейін. БАҚ мәліметінше, оның айлығы жылына 23,5 миллион еуро.

Қазіргі таңда "Манчестер Сити" 48 ұпаймен Англия чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында. Бірінші келе жатқан "Ливерпульден" 16 ұпайы кем.