Португалия және Нидерланды Еуропа чемпионатынан шығып қалды
Чехия мен Бельгия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чехия мен Бельгия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Түндегі ойында Чехиялықтар Нидерландыны жеңіп, сенсация жасады. Будапешттегі ойын Чехия пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
68-минутта Томаш Голеш есеп ашқан, 80-минутта Патрик Шик есепті еселеді. Екінші таймның басында Нидерланды құрамасы 10 ойыншымен қалды - Маттейс де Лигт қолымен ойнағаны үшін алаңнан қуылды.
Ал кейінгі Еуропа чемпионатында топ жарған Португалия құрамасы бұл жолғы турнирді 1/8 финалдан аяқтады. Роналду мен оның әріптестері Бельгиядан жеңілді.
Севильяда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 42-ші минутта Торган Азар соқты.
Осылайша, бельгиялықтар қазіргі Еуропа чемпионынан басым түсті.
Турнирдің ширек финалында Дания мен Чехия, Бельгия мен Италия құрамалары кездеседі.
Жарнама