Футбол
1 желтоқсан 2022 14:08
 

Польша қақпашысы Мессимен 100 еуроға бәстескен

  Пікірлер

blog.share

Польша қақпашысы Мессимен 100 еуроға бәстескен ©EFE

Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсны Аргентина командасының капитаны Лионель Мессимен бәстескені туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсны Аргентина командасының капитаны Лионель Мессимен бәстескені туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қатардағы әлем чемпионатының үшінші турында Польша мен Аргентина құрамалары кездесіп, оңтүстік америкалықтар 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал 39-минутта польшалықтардың айып алаңында тәртіп бұзылып, төреші VAR жүйесіне жүгінгенде Щенсны Мессиге пенальти берілмейді деп 100 еуроға бәстесіпті. Нәтижесінде 11 метрлік айып добы белгіленіп, Польша қақпашысы Месси соққысын қайтарды.

"Мен Мессимен 100 еуроға бәстестім. Алайда төреші пенальти белгілегендіктен мен оған 100 еуро қарыз болдым. Бірақ Леоға берешігімді қайтармаймын. Оның онсыз да табысы көп", - деді Щенсны.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!