Польша Еуро-2024 іріктеу матчіндегі нәтижесімен таңдандырды

Польша құрамасы Еуро-2024 чемпионатына іріктеу циклінде Молдованы ұта алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Польша құрамасы Еуро-2024 чемпионатына іріктеу циклінде Молдованы ұта алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Варшавада өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алаң қонақтары сапынан Ион Николаеску 26-минутта есеп ашты. Алаң қожайындары 53-минутта Карол Свидерскидің күшімен есепті теңестіре алды.
Төртінші турда польшалықтар сырт алаңда бірінші таймда 2:0 есебімен алда тұрып, молдовалықтардан ұтылып қалған еді - 2:3.
17 қараша Молдова өз алаңында Албаниямен ойнайды, Польша да өз алаңында Чехиямен кездесу өткізеді.
Жарнама