"Арсенал" футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті.
Лондондық клуб өз алаңында "Портуды" негізгі уақытта 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 41-минутта Леандро Троссард соқты.
Айта кетейік, бірінші ойында дәл осындай есеп айырмасымен португалиялық команда жеңіске жеткен. Нәтижесінде ойын экстра-таймға жалғасып, жеңімпаз кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. "Арсенал" командасының қақпашысы Давид Райя Венделл мен Вендерсон Галеноның пенальтиін қайтарып, командасын ширек финалға алып шықты.
Бұған дейін ширек финалға ПСЖ, "Реал Мадрид", "Бавария" және "Манчестер Сити" командалары шыққан болатын.