Пенальти соға алмаған "Каспий" қорғаушысы жанкүйерлерден кешірім сұрады
"Каспий" қорғаушысы Мақсат Тәйкенов 14-турда "Тобыл" қақпасына қарсы матчта пенальти соға алмағаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Каспий" қорғаушысы Мақсат Тәйкенов 14-турда "Тобыл" қақпасына қарсы матчта пенальти соға алмағаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барша Маңғыстаулық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Тең нәтижеге жетіп тұрған жерден, менің кесірімнен ойында ұтылып қалдық", - деп жазды инстаграм парақшасында.
Еске салайық, Қостанайдағы ойын 1:0 есебімен "Тобылдың" жеңісімен аяқталды. Матчтың 81-минутында пенальти тепкен Тәйкенов Мокин қақпасының саңылауын таба алмады.
Нәтижесінде маңғаз Маңғыстаудың командасы 22 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды. "Тобыл" болса 21 ұпай жинап төртінші орынға көтерілді. Турнир кестесінің көшін "Астана" (24 ұпай) бастап тұр.
Жарнама