Пенальти сериясында Португалияға есе жіберген Қазақстан қола үшін Бразилиямен ойнайды

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Португалиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/2 финал Каунаста өтіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады - 2:2.

Португалиялықтар сапынан Анилтон Сезар Пани (23-минут) және Бруну Коэлью (49) гол салды. Қазақстандық командадан Дәурен Нұрғожин (40-минут) және Дуглас (42) көзге түсті.

Пенальти сериясын португалиялықтар сәтті орындады - 4:3.

Осылайша, Португалия финалда Аргентинамен, ал Қазақстан үшіні орын үшін Бразилиямен ойнайды. Бұл матчтер 3 қазанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар