Футбол
7 шілде 2021 09:07

"Пенальти сериясына көңілім толмайды" - Жерар Пике Италия мен Испания кездесуі туралы

сурет: globallookpress

Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Жерар Пике Италия мен Испания кездесуінде әділетсіздік болды деп есептейді. Қос ұжым кәрі құрлық турнирінің алғашқы жартылай финалында кездесіп, "скуадра адзурра" пенальти сериясында басым түскен болатын.

"Еуро-2020 турнирінің жартылай финалына шығудың өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Бұл жарыста біздің командадан мықты құрам көрмедім. Алайда пенальти сериясы әділетсіз болды. Себебі Еуропа чемпионаты мен Америка Кубогінде болған 4 пенальти сериясында бірінші болып тепкен команда жеңіске жетіп отырған. Өкінішке қарай, 11 метрлік айып добын орындау үшін жеребе тартылады. Қақпаға қай команда бірінші болып соққы жасайтын жеребе тарту рәсімін әділетсіз деп санаймын", - деп жазады Пике твиттердегі парақшасында.

Еске салсақ, Испанияны тізе бүктірген Италия құрамасы финалда Англия мен Дания жұбының жеңімпазымен кездеседі.