Футбол
11 қаңтар 2021 09:57
 

Пеледен асып түсті. Криштиану Роналду әлемнің абсолют рекордын қайталады

  Пікірлер

blog.share

Пеледен асып түсті. Криштиану Роналду әлемнің абсолют рекордын қайталады Сурет: TSN.ua

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Сассуолоға" қарсы Италияның А сериясындағы 17-ші тур матчінде (3:1) гол салды,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

blog.share

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Сассуолоға" қарсы Италияның А сериясындағы 17-ші тур матчінде (3:1) гол салды,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Осылайша, португалиялық ойыншы карьерасында 759-ші голын салып, доп саны бойынша әлемнің абсолют рекордын қайталады. Бұл рекордты чехиялық форвард Йозеф Бицан орнатқан болатын (1931 мен 1955 жыл аралығы).

Үшінші орында Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Пеле (757 доп).

Еске салайық, Роналду 15 голмен Италия чемпионатындағы сұрмергендер арасында көш бастап тұр. "Ювентус" 33 ұпаймен турнир кестесінде төртінші. Туриндік клуб келесі ойынды 17 қаңтар "Интерге" қарсы өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!