Футбол
9 желтоқсан 2021 13:26

Пеле қайтадан аурханаға түсті

©footballua.tv

Бразилия құрамасымен үш дүркін әлем чемпионы болған атақты Пеле ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Reuters мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

81 жастағы Пеле Сан-Паулудағы ауруханада жатыр, алайда, оның жағдайы түзеліп, жақын арада үйіне шығады екен. 

Еске салайық, мұның алдында футбол жұлдызы тоқ ішегіне шыққан артық өсіндіні кестіру бойынша операция жасатқан. Ісік тексеріс кезінде анықталған екен. Ал отадан кейін Пеле жансақтау бөліміне түсіп қалған болатын. Кейінгі жылдары ол бірқатар сырқаттармен күресіп келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport