Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі Бахтиер Зайнутдинов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарақатына байланысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін ЦСКА ойыншысы Франция құрамасына қарсы ойында жарақатына байланысты алаңға шыға алмайтыны белгілі болған еді. Осы орайда жанкүйерлер оны симуляция жасады деп айыптаған болатын. Алайда бүгін құраманың бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов: "Оны патриотизмнен ада, жарақатын ойдан шығарған деп айыптау - дұрыс емес" - деді. Сондай-ақ ол Зайнутдиновтың Украинаға қарсы ойында да алаңға шықпайтынын және ертең Мәскеуге жол тартатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойында өз алаңында 0:2 есебімен ұтылды. Бірінші голдың авторы Усман Дембеле болса, екінші голды Сергей Малый өз қақпасына салды. Килиан Мбаппенің пенальтиден соққан добын аса ептілікпен қайтарған құрама қақпашысы Александр Мокин матчтың үздік ойыншысы атанды.