Футбол
Кеше 10:40
 

Өзбекстанға әлем чемпионатына дисквалификация берілді

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстанға әлем чемпионатына дисквалификация берілді ©Uzbekistan Football Association

Сауд Арабиясында өткен U-17 Азия Кубогының финалында Өзбекстан екі ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сауд Арабиясында өткен U-17 Азия Кубогының финалында Өзбекстан екі ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзбек футболшылары алаңда тоғыз болып қалса да Сауд Арабиясын 2:0 есебімен ұтып кетті. 

Бұл жағдайға футбол сарапшысы Алишер Никимбаев пікір білдірді.

"ФИФА-ның тәртіп кодексі бойынша, дисквалификация сол жастағы келесі ресми ойынға өткізу қарастырылған. Өзбекстан U-17 құрамасы үшін келесі ресми турнир – Катарда өтетін әлем чемпионаты, сондықтан бұл жаза сол жарысқа ауыстырылады.

Дисквалификация қанша ойынға созылатынын АФК Тәртіптік комитеті шешеді. Егер бұл қасақана ереже бұзу үшін берілген қызыл қағаз болса, онда әдетте бір ойынға шеттеледі.

Айтпақшы, егер футболшы осы жас санатында жазасын өтей алмаса, онда дисквалификация келесі жас деңгейіндегі жарыстарға ауыстырылады", – деп жазды Никимбаев өзінің Telegram арнасында.

Еске салайық, U-17 әлем чемпионаты биыл 3-27 қараша аралығында Катарда өтеді.

Сондай-ақ, бұл біріншілікке Тәжікстан құрамасы да қатысады. Тарихта алғаш рет турнирде 48 құрама бақ сынайды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!