Молдова құрамасының қорғаушысы Вячеслав Посмак Қазақстанмен ойын алдында журналистер сауалына жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қазақстан құрамасы өз алаңында өте жақсы ойнайды. Әсіресе өткен жылы Украинамен өткен кездесуде қазақстандық футболшылар керемет нәтиже тіркеді. Салыстырмалы түрде біздің команданың ойыншылары шетелдік клубтарда көбірек. Алайда бұл біз үшін соншалықты басымдық береді дей алмаймын. Біздің бапкер айтпақшы, Қазақстан құрамасы ұйымшыл. Ауызбіршілігі жақсы команда", - дейді "Шериф" қорғаушысы.
Еске салайық, Молдова мен Қазақстан командалары Ұлттар Лигасының С лигасында қалу мүмкіндігіне таласуда. Бірінші матч 24 наурызда Кишинев қаласында өтсе, қарымта ойын 29 наурыз күні "Астана Аренада" өтеді деп жоспарланған.