"Осы ойынға көбірек ризамын". Бас бапкер Қазақстанның Аустриядан ойсырай ұтылуы жайлы
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасындағы Аустриямен матчке қатысты ойын айтты.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасындағы Аустриямен матчке қатысты ойын айтты.
Линцте өткен кездесу алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды - 4:0.
"Есеп 4:0 екені түсінікті. Словениямен матчке қарағанда осы ойынға көбірек ризамын. Бүгін комбинация көбірек болды, сауатты әрекеттер. Өз қателігімізден үш гол өткізіп алғанымыз басқа әңгіме. Мұндай деңгейде қателіктер үшін бірден жазаланасың. Қалаймыз ба, жоқ па, мұндағы ойындардың қарқындылығы біздің лигадағыдан жоғары. Бірінші таймда үлгеріп отырдық, осы деңгейді сақтау үшін екінші таймда ойыншыларды алмастырып отырдық. Өзіміздің қателіктерден голдар кіріп кетті. Мұнымен жұмыс істейміз. Бастысы - қалыпқа келіп, келесі матчке дайындалу. Айтарлықтай бір жұмыстар жүргізу керек: командамен жұмыс істеп, селекциямен айналысу және нәтиже көрсету қажет. Алайда бұл дивизионда олай істеу қиын. Қолымызда бары әзірге осы", - дейді Черчесов.
Жарнама