"Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановқа ресейлік клубтар қызығушылық білдірген. Бірақ ол трансфер болмай қалды. Бұл туралы футболшының өзі айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Менің нақты мақсатым бар. Алдымен Ресей біріншілігіне ауысу. Содан кейін Еуропаға кету. Өткен жылы бірнеше ресейлік клубтар ұсыныс білдірген еді. Агентіме хабарласты. Бірақ менде ол кезде келісімшартым болған соң, "Ордабасы" сапында қалдым", - деді жартылай қорғаушы.
Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша Астанов Қазақстан біріншілігінің ең үздік жас футболшы атанды. Ал биыл жартылай қорғаушы ел чемпионатында үш кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді.
Ал Transfermarkt порталы бұл жартылай қорғаушыны 350 мың еуроға бағалап отыр.