"Ордабасының" Конференция лигасындағы матчіне трансляция

©"Ордабасы" ФК

Бейсенбі, 15 тамызда Армения астанасы Ереванда жергілікті "Пюник" пен шымкенттік "Ордабасы" арасында Конференция лигасы үшінші іріктеу раундының қарымтасы өтеді. 

"Пюник" - "Ордабасы" матчі қазақстандық уақытпен 20:50-де басталады. Трансляцияны Qazsport арнасынан тікелей тамашалауға болады. 

Еске салайық, бірінші матч 8 тамыз Алматыда өтіп, 0:1 есебімен армениялық комананың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 56-минутта "Пюник" сапынан Юсуф Отубанджо салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар