"Ордабасының" Чемпиондар лигасындағы шешуші матчіне трансляция

©instagram.com/fc__ordabasy

Бүгін, 17 шілдеде шымкенттік "Ордабасы" Чемпиондар лигасына бірінші іріктеу раунды аясында молдовалық "Петрокубпен" қарымта матч өткізеді. 

Кишеневте өтетін кездесуге сербиялық Милош Миланович төрелік етеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 22:00. Qazsport матчті тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Шымкентте өткен бірінші матч 0:0 есебімен аяқталды.

Егер шымкенттіктер "Петрокубты" ұтса, кипрлік АПОЭЛ командасымен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар