Футбол
2 шілде 2020 16:16

"Ордабасымен" ойында жалғыз голды салған "Шахтер" футболшысы алаңнан қуылғанына қатысты пікір білдірді

Сурет: Жереми Манзорро. Фото: instagram.com/shakhterfc
"Шахтердің" франциялық жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро Қазақстан чемпионатының үшінші туры аясындағы "Ордабасымен" матч туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ауыр ойын болды. "Ордабасымен" оңай болмайтынын білдік, көп қорғанып, шабуылды да үдетіп отыру керек еді. Ыңғайлы сәтті күтіп, пайдалана алдық. Команданы жеңіске жеткізген голды салғаныма қуаныштымын. Ал алаңнан қуылғаныма байланысты ештеңе айта алмаймын, жанкүйерлер не болғанын өздері көрді", - деп береді Манзорро сөзін клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында.  



Еске салайық, "Шахтер" кеше Шымкентте өткен ойында "Ордабасыны" ұтты, есеп 1:0. Бұл ойында екі футболшы алаңнан қуылды.