"Ордабасы" футбол клубы бас бапкер Александр Седневпен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 жастағы белоруссиялық маман шымкенттік команданы былтыр қаңтардан бастап жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен "Ордабасы" 2021 жылғы маусымда ҚПЛ-де бесінші болды.
Бұған дейін Седнев отанында "Белшина", "Динамо", "Днепр" және "Рух", сондай-ақ, қазақстандық "Ақтөбені" жаттықтырған.
2012 жылдан бері УЕФА ұйымының Pro категориясына ие.