Оразов Словениядан не себепті ұтылғандарын ашып айтты

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Словениямен матч туралы айтып берді. 

Люблянда өткен кездесуде Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 0:3 есебімен ұтылды

"Бұл ойын туралы не айтарымды білмеймін. Өзімізден мүлде басқа ойын күттік. Бапкердің қойып бергенін орындамадық. Мұндай жеңілісті қабылдау ауыр. Меніңше, қателікті өзімізден іздеу керек, осы матчті сараптап, қателіктермен жұмыс істеу қажет. Біз бүгін қателеспейтін жерлерде көп қателестік, болмайтын сәттерде. Қарсылас осы үшін сазайымызды берді", - дейді Оразов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар