Оңтүстік Корея бапкері ӘЧ-ден шығып қалғаннан кейін жұмыстан кетті
Паулу Бенту футболдан Оңтүстік Корея құрамасы бапкері қызметінен кетті. Команда Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, алайда маман шешімді одан бұрын қабылдағанын айтады.
Паулу Бенту футболдан Оңтүстік Корея құрамасы бапкері қызметінен кетті. Команда Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, алайда маман шешімді одан бұрын қабылдағанын айтады.
"Болашақты ойлау керек және ол Корея құрамасының ойыншыларымен байланысты емес. Мұны қазір ғана ойыншылар мен федерация президентіне айттым. Бұл шешім қыркүйекте қабылданды. Футболшыларға алғыс айтқым келеді. Олар бар күшін салды. Оларды жаттықтырғанымды мақтан тұтамын", - деп береді Бентудің сөзін Sky Sports.
Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан 1:4 есебімен ұтылды. Бенту команданы төрт жыл жаттықтырған екен.
Жарнама