"Қайраттың" армениялық жартылай қорғаушысы Камо Оганесян екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты Конференция лигасы топтық кезеңінің аясындағы "Карабахқа" қарсы Бакуде өтетін ойынға қатыспайтынын айтты.
"Баку маған қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды деп айта аламын. Онсыз да менде онда ұшуға деген ықылас болған жоқ. Бірақ мен баруға және ойнауға дайын болдым. "Қайратқа" тек жеңіс тілеймін. Олар менсіз де кез келген қарсыласты жеңе алады. Бізде жақсы команда бар", - деп келтіреді Камоның өзін Azerisport.
Еске салайық, Конференция лигасындағы "Карабах" пен "Қайрат" арасындағы кездесу 21 қазан күні Баку қаласында өтеді.