Футбол
11 маусым 2022 15:53
 

"Өкініш бар". Магомед Адиев Беларусь құрамасымен өткен ойын жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Өкініш бар". Магомед Адиев Беларусь құрамасымен өткен ойын жайлы ©kff

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар Лигасында Беларусь құрамасымен өткен ойынды (1:1) қорытындылады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

blog.share

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар Лигасында Беларусь құрамасымен өткен ойынды (1:1) қорытындылады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

"Менің ойымша, біз матчты жақсы бастадық. Бірінші таймның ортасында қарсыластар белсенділік танытты. Ол кезде өз ойынымызды жоғалтып алдық. Дегенмен матчтың басында белсенді болып, гол соқтық. Екінші таймда қарсыластың шабуылды үдететінін түсіндік. Біз де жақсы мүмкіндіктер ұйымдастырдық. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Матч соңында алаң иелері қысымды күшейтті және тағы бір гол соғуы мүмкін еді. Бірақ бізде де екінші голды соқпадық деген өкініш бар", - дейді ресейлік маман.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы үшінші топта 7 ұпаймен көш бастап келеді. Енді қаршығалар 13 маусымдағы төртінші турда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!