2022 жылғы маусымда бірінші лига жеңімпазы атанған Көкшетаулық "Оқжетпеске" ҚПЛ-ге көтерілуге рұқсат бермеуі мүмкін, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
Қазақстанның футбол федерациясы инфрақұрылым талаптарын қатаң ұстануға бекінген көрінеді. Көкшетаулықтарға бірнеше жыл қатарынан алаңға жылу орнату айтылып келген. Алайда клуб мұны елемей келді ме, мүмкіндігі болмады ма, мәселе сол күйінде шешілмей қалды. Енді ҚФФ қайталаудан шаршап, іске көшкен көрінеді.
Егер "Оқжетпес" мәселені шешпесе, ҚПЛ-ге өте алмайды. Ал спорт ережесі бойынша команданың орнын бірінші лигадағы бәскелесі - "Жетісу" басады.