Нойер карьерасына қатысты мәлімдеме жасады
©Global Look Press
Германия құрамасының 36 жастағы қақпашысы Мануэль Нойер алдағы әлем чемпионатында командасы алдында қандай міндет тұрғанын айтты.
Германия құрамасының 36 жастағы қақпашысы Мануэль Нойер алдағы әлем чемпионатында командасы алдында қандай міндет тұрғанын айтты.
"Катардағы әлем біріншілігі мен үшін соңғы болатын шығар. Олай болмауы да мүмкін. Бұл турнирдің қалай бітеріне байланысты. Егер чемпион атансақ, футбомен қош айтысам. Катардағы турнирді ұтқымыз келеді. Алайда көптеген мықты командаларға қарсы тұру керегін де білеміз", - деп береді Нойердің сөзін Bild.
Еске салайық, Катардағы ӘЧ 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығы өтеді. Германия Е тобына Испания, Коста-Рика және Жапониямен түсіп отыр.
Жарнама