Нидерланды сенсация жасаған команданы жарыстан шығарып тастады

Румыния мен Нидерланды құрамалары Еуро-2024 1/8 финалында ойнады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Румыния мен Нидерланды құрамалары Еуро-2024 1/8 финалында ойнады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мюнхендегі кездесуде үш гол соғылды.
Нидерланды құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо 20-минутта Флорин Ницэнің қақпасынан саңылау тауып, гол саны бойынша осы турнирдегі бомбардирлер Джамал Мусиала (Германия), Иван Шранц (Словакия) және Джордж Микаутадземен (Грузия) теңесті. Бәрі үш голдан соққан.
63-минутта Гакпоның жеке есебін алға шығаруға мүмкіндігі болған еді, бірақ офсайдқа байланысты голы есептелмей қалды.
Алайда "қызғылт сарылар" 83-минутта Дониэлл Мален гол соққанда дегеніне жетті.
Қосымша уақытта қарсы шабуылға шыққан Мален бұл кездесудің нүктесін қойды – 3:0.
Еске салайық, Румыния құрамасы Бельгия, Словакия және Украина командалары бар топта бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне сенсация жасап шыққан болатын.
Жарнама