Футбол
26 қараша 2022 00:00
 

Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты

  Пікірлер

blog.share

Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты ©FIFA

Катардағы әлем чемпионатында Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Катардағы әлем чемпионатында Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

А тобының көшбасшылары екінші турда өзара кім мықтыны анықтады. Алғашқы турда Эквадор Катарды, Нидерланды Сенегалды 2:0 есебімен ұтты.

"Халифа" стадионындағы ойын еуропалықтардың голымен басталды. 6-минутта Коди Гакпо есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай эквадорлықтар есепті теңестірген, бірақ бас төреші офсайдқа байланысты бұл голды есептемеді.

Дегенмен, Оңтүстік Америка өкілі екінші таймның басында гол соға алды. Сол жақ қанаттан басталған шабуылды Эннер Валенсия түйіндеді - 1:1. 

Жалпы, үзілістен кейін Нидерланды құрамасы допқа көбірек иелік еткенімен, қарсылас қақпасына бір ғана соққы жасай алды. Матч бойы Луи ван Гал шәкірттері Эквадор қақпасын екі рет қана нысанаға алды. Ал Эквадор құрамасы 13 соққы жасаған.

Дегенмен ойында есеп өзгерген жоқ - 1:1 есебімен аяқталды. 

Осы ойыннан кейін Нидерланд пен Эквадор төрт ұпай жинап, 1 және 2-орындарды бөлісіп тұр. Сенегалда үш ұпай бар, ал соңғы орындағы Катар құрамасы плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Енді бәрін 29 қарашада өтетін тур шешеді. Нидерланды турнир қожайыны Катармен кездессе, Эквадор мен Сенегал күш сынасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!