ПСЖ шабуылшысы Неймар спорттық карьереасын Италияның "Миланында" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Белгілі болғандай француз клубы бразилиялық ойыншыдан арылудың жолдарын қарастыруда. Ал "Милан" осы сәтті пайдаланып кетуі мүмкін.
Алайда италиялық клуб Неймарды жалға алғысы келеді. Себебі кезінде "Барселонадан" Франция астанасына 222 миллион еуроға ауысқан Неймардың бір жылдық айлығы 49 миллион еуроны құрайды.
Еске салайық, 2021/22-жылғы маусымда ол 28 матчта алаңға шығып, 13 гол салды. Сондай-ақ, жеті нәтижелі пас берді.