Футбол
17 сәуір 2020 11:00

Неймардың "Барселонаға" осы жазда оралу мәселесіне нүкте қойылды

Сурет: Eurosport
Бразилия құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Неймар "Барселонаға" осы жазда орала алмайды, - деп хабарлайды "Чемпионат" испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап. 


Каталондық клубта коронавирус пандемиясына байланысты туындаған қаржылық қиындықтан бразилиялық футболшыға трансфер жасау мүмкіндігі болмай отыр.

"Барселонаның" қазіргі таңдағы трансферлік басты мақсаты "Интер" форварды Лаутаро Мартинес екен.

Еске салайық, Неймар "Барселонадан" франциялық ПСЖ-ға 2017  жылы жазда рекордты 222 миллион еуроға өткен. Бразилиялық футболшы каталондық клубқа былтыр қайтуға тырысқан, алайда, тараптар қаржылық шарттар бойынша келісе алмады. Ал Неймардың париждік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.