Футбол
17 ақпан 09:33
 

Неймар "Сантос" үшін алғашқы голын салды

  Пікірлер

blog.share

Неймар "Сантос" үшін алғашқы голын салды ©betonmobile.ru

Бразилиялық шабуылшы Неймар "Сантос" футбол клубына оралғаннан кейін алғашқы голын салды, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Бразилиялық шабуылшы Неймар "Сантос" футбол клубына оралғаннан кейін алғашқы голын салды, деп жазады Vesti.kz.

Футболдан Бразилия чемпионатының 10-турындағы "Агуа Санта" командасымен ойынның 14-минутында Неймар пенальтиді сәтті орныдады. Ойын жалпы 3:1 есебімен "Сантостың" пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапынан тағы да Тачиано (26) мен Гильерме (70-минут) гол салды. Ал "Агуа Санта" сапынан Нетиньо 43-минуттағы голымен командасын жауапсыз ойсыраудан сақтап қалды. 

Бұл Неймардың Бразилия чемпионатындағы төртінші матчі.

Неймар "Сантос" сапына қаңтар ойында оралып, мерзімі 30 маусымға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Ал жазда ол қайтадан Еуропаға барғысы келеді немесе "Интер Майамиге" Мессидің жанына кетпек ойы бар. 

Отанына қайтқанға дейін Неймар саудиялық "Әл-Хиләл", франциялық "Пари Сен-Жермен" және каталондық "Барселона" командаларында ойнады. Неймар осы "Барсаға" оралғысы келген, алайда, испаниялық гранд оны қайта алғысы келмеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!