"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик тен Хаг "Бавария" шабуылшысы Эрик Шупо-Мотингті қатарына қосуы мүмкін, деп жазады championat.com.
Бұл трансфердің басты себебі – Криштиану Роналдуың қаңтар айында клубтан кетуі болып отыр. Ал Шупо-Мотинг биыл мюнхендіктер сапында өткізген 13 матчта 8 гол салған. Ол 2020 жылы ПСЖ-дан "Баварияға" ауысқан еді.
Өз кезегінде неміс клубы да Шупо-Мотингтің өз командасында қалғанын қалайды. Португалия құрамасы капитанының ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылдың жазында бітетініне қарамастан, 2023 жылдың қаңтар айында кетуге дайын.