"Манчестер Юнайтед" Нидерландының ПСВ командасы сапында ойнайтын шабуылшы Коди Гакпоны қатарына қосуы мүмкін, деп жазады Forbes басылымы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Гакпоны ағылшындық команда 2023 жылдың жазында, Криштиану Роналдудың келісімшарты аяқталып, командадан кеткеннен кейін сатып алмақшы.
Айта кетейік, 23 жастағы Гакпо биыл ПСВ сапында Эридивизияда жеті ойынға қатысып, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Жалпы биылғы маусымда шабуылшы 13 кездесу өткізіп, 10 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта шабуылшы 35 миллион еуроға бағаланып отыр.