Англиялық "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасындағы нидерландылық "Фейеноордпен" матчтен кейін журналистер алдына беті-басы қызыл ала болып шығыпты.
Бесінші тур матчі Манчестердегі "Этихад" стадионында өтіп, 3:3 есебімен аяқталды. Алаң иелері 53-минутқа дейін 3:0 есебімен басым болған, алайда матч аяқталарға 15 минут қалғанда қақпаларына үш гол өткізіп алды.
Ойын кезінде Гвардиола басын ұстай берген еді, әсіресе командасының қақпасына голдар кіргенде. Фотодан оның маңдайы қанталап, мұрны сырылғанын көруге болады: