"Мүлде олай емес". Зайнутдинов футболшы болудың қиындығы жайлы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат беріп, Түркиядағы өмірі мен мансабы және ұлттық құрамадағы өзгерістер жайлы айтып берді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат беріп, Түркиядағы өмірі мен мансабы және ұлттық құрамадағы өзгерістер жайлы айтып берді.
Үйге әрқашан тартып тұрады ғой. Соңғы жеті жылдан бері Қазақстанда тұрмаймын, сол себепті мүмкіндік болған сайын келуге тырысамын. Туған-туыстарымды сағынамын. Кейбіреулер футболшы болу оңай деп ойлайды, бірақ, мүлде олай емес. Осы жылдар ішінде отбасымызда болған қуанышты сәттерде бірге бола алмадым. Туған күндерді, тойларға көп қатыспадым. Жиенімнің қалай өсіп келе жатқанын көрмеймін, бұл мен үшін қиын. Футбол өмірінің қиын жағы осындай, - дейді ойыншы.
Сондай-ақ Бахтиер Ресейден кейін Түркияның мәдениеті мен тіршілігіне үйренісіп кету жайлы да жауап бере кеткен.
"Шыны керек, бастапқы жарты жыл қиынға соқты. Ол жақтағы тұрмысты мүлдем басқаша елестеткен едім. Түрік сериалдары мен оқу-жаттығу жиындардың әсері болу керек. Бірақ Анталия мен Ыстамбұл мүлдем басқа қалалар. Ішім пысып, өзімді немен баулуды білмедім. Түрікше сөйлей алмаймын, бірақ ағылшынша үйреніп жүрдім. Бірақ кейіннен бәрі бір қалыпқа келіп, үйреністім", - деді ұлттық құрама ойыншысы.
Жарнама