Футбол
8 қараша 2023 10:10
 

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчі сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчі сенсациямен бітті ©playmaker24

Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды. 

Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үш жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды. Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де өзгермей үшінші орнында қалды. 

F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкаслды" 2:0 есебімен ұтты. Гол салғандар Никлас Фюллькруг (26-минут) және Юлиан Брандт (79) болды.

Енді жеті балл жинаған "Боруссия" топта бірінші орынға шықты, ал "Ньюкасл" төрт ұпаймен үшінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!