"АҚШ-та мұны біз футбол емес, соккер деп атаймыз. "Ньюкасл" керемет команда, үлкен клуб. Егер оны сатып алғанымды қаласаңыздар, маған мұны білдіріңдер", - деген еді Мейвезер. Бұған жиналған халық қошеметпен шулап жіберді.
Боксшы командасының өкілдері бұл ақпаратты растады. Ал англиялық клубтың қазіргі иесі Майк Эшли. Түрлі бағалау бойынша, Флойдтың байлығы бір миллиард долларға жетеді.
Қаңтарда Сауд Арабиясының әл-ауқат қорына тиесілі халықаралық консорциум "Ньюкасл" клубын 340 миллион фунтқа сатып алмақ болған. Эшли команданы осыншаға бағалап отыр.
"Ньюкасл" 29 тур қорытындысы бойынша 35 ұпаймен АПЛ-де 13-ші орында келеді.