Германия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің иығына арабтың шапанын (бишт) жапқан Катар әмірінің әрекетін түсінбепті. Бұл рәсім Месси трофейді көтеріп, жеңісті тойлау керек болған кезде жасалды.
"Ойыншының карьерасындағы ең тамаша мезетін ұрлап тұр. Мен де мұны жақсы емес деп ойлаймын. Кейін, шешінетін орында жасаса да болар еді. Месси де сол кезде бақытты болып тұрды дей алмаймын. Меніңше бұл рәсім сәтсіз болды", - дейді Швайнштайгер.
Бишт - арабтардың дәстүрлі шапаны. Оны үлкен той мен мерекелерде киеді екен. Түие мен ешкі жүнінен тоқылған бұл киім бедел, байлық пен үлкен мереке нышаны іспеттес.